Алаяқтық

Қазақстандықтарға фейк субсидиялар ұсынылады

WhatsApp-та сауалнамаға қатысып, Saudia әуе компаниясынан субсидия алуға шақыратын сілтеме тарады. Бұл бұған дейін әртүрлі елдерде тараған ескі фейк.


2022 жылы Қырғызстан пайдаланушылары осындай хабарлама таратқан. Ол кезде SAUDIA компаниясы онлайн сауалнамадан өткені үшін қомақты қаржы ұсынған.
FactCheck.kg порталы бұл фишинг, ал сауалнама орналастырылған сайттың домені SAUDIA компаниясына емес, белгілі бір қытайлық ұйымға тиесілі деп ескерткен болатын.
Қазір кезде тараған субсидиялар туралы ақпараттың фейк екені анық. Біріншіден, сауалнаманың мәтіні де, оның астындағы пікірлердің мазмұны да 2022 жылдан бері өзгермеген. Екіншіден, SAUDIA ресми сайтында компанияның 78 жылдығына арналған ұтыс ойыны туралы ақпарат жоқ. Үшіншіден, хабарламада айтылған мемлекеттік субсидияларды Қазақстанға қатысы жоқ жеке компания емес, тек мемлекет қана төлей алады. Аталған әуе компаниясының ұшақтары біздің елге рейстер жасамайды.
Қорыта айтқанда, таралған ақпаратқа сенбеген жөн. Мұндай төлемдер жасау немесе қомақты қаржы ұтыстары туралы ұсыныстар пайдаланушылардың жеке деректеріне қол жеткізу үшін әлеуметтік инженерия мен фишингті қолданатын алаяқтардың ісі болып табылады.
Фишинг және интернетте алаяқтардың айла-амалдарына түспеу жолдары туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Фишингтік сайттарды қалай тануға болады және олар неге қауіпті

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button