Алаяқтық

Желіде қазақстандықтарға төленетін жәрдемақылар туралы тағы бір фейк тарады

Желіде қазақстандық телеарналардың бірінде көрсетілген жаңалықтар шығарылымы ретінде жасалған бейнеролик таратылуда. Сюжетте еліміздің барлық азаматтарына 300 мың теңге мөлшерінде жәрдемақы тағайындалғаны туралы айтылған. Бұл жалған.

 

Таратылған видео – КТК телеарнасының қайта дыбысталған жаңалықтар сюжеті. Арнаның ресми сайтында 300 теңгелік жәрдемақы туралы жаңалықтар жоқ.
Мұндай төлемдер жайлы хабарламалар ҚР Президентінің ресми сайтында да шықпаған.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында да баршаға арналған жаңа жәрдемақылар туралы ақпарат жоқ.
Ресми БАҚ та 300 мың теңге мөлшерінде төленетін жәрдемақылар туралы хабарламаған.
Қорыта айтқанда, таралған видео өтірік. Елімізде барлық қазақстандықтарға төленетін жәрдемақы енгізілмеген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button