Fake News

Фейк: «Мароккодағы жер сілкінісі – климаттық қаруды қолданудың белгісі»

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар Мароккодағы жойқын жер сілкінісіне қатысты пікірлерімен бөліседі. Кейбіреулерінің айтуынша, Марракеште жер асты дүмпулеріне дейін аспанда ерекше жарық жарқ еткен. Бұл климаттық қаруды қолданудың белгісі екен. Бұл рас па? Анықтайық.

Түнде аспанда жарқылдаған жарық видеосының Мароккоға да, жер сілкінісіне де қатысы болмай шықты. Ол алғаш рет Желіде 2020 жылдың сәуірінде, @jayhideaway TikTok аккаунтында жарияланған. Онда кадрларда өзгеғаламшарлықтардың басып кіруі көрсетілген деп жазылған.

Парақшаның  иесі видео эффектілер қосылған қысқа видеолар орналастырады. Мысалы, аккаунтта Күн жарылып, Жерді жойып жіберген, ұшып келе жатқан айдаһардың қаланы қиратқан видеолар бар. Демек, бұл аккаунттағы роликтерді шын деп қабылдамаған жөн.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 8 қыркүйегінде Мароккода 6,8 баллдық жер сілкінісі болды. Оқиға салдарынан екі мыңнан астам адам қаза тауып, шамамен сонша адам зардап шекті.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button