Fake News

Фейк: «Қаптамадағы шайдан белгісіз таблеткалар табылды»

Instagram әлеуметтік желісінде әйелдер Beta Tea фирмасының шайының қаптамасын ашып, оның ішінен белгісіз ақ капсулалар тапқан видео тарады. Автордың айтуныша, бұл адамды өлтіретін ұсақталған таблеткалар. Мұның бәрі ескі фейк.

Beta Tea вирмасының пакеттелген шайындағы ақ «таблеткалар» туралы хабарламаларды Ресей тұрғындары 2020 жылдың басында таратқан. Аталған өндірушінің шайы Қазақстанда да сатылатындықтан, бұл роликтер елімізде де жариялануда.

Аса қауіпті таблеткалар туралы видео 2020 жылы жоққа шығарылған. Шай пакеттеріндегі ақ бөлшектер таблетка емес, хош иістендіргіштер. Олардың көбі ұшпа қосылыстар болып табылады және аз уақыттың ішінде жойылады. Шайдың хош иісін ұзақ уақыт сақтау үшін хош иісті қоспалар ақ түсті крахмалмен біріктіріледі. Дәл осы түйіршіктерді қолданушылар таблетка деп қателескен.

Айта кетейік, Қазнетте таралған видеода пайдаланушылар «лимон және жалбыз» хош иісі бар шайды тексереді. Ал Рунетте танымал болған басқаларында бергамот қосылған шай пакеттері ашып көрсетіледі.

Хош иістендірілмеген шай көрсетілген «таблеткалары» бар роликтер жоқ.

Қорыта айтқанда, видеода белгісіз қауіпті таблеткалар емес, пакеттелген шайдың бөлігі ретінде крахмалға қосылған хош иістендіргіштің түйіршіктері көрсетілген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button