Видео

Фейк: «Жаңбыр шақыратын бұлт генераторы видеоға түсіп қалды»

Қызықты құрылғының жұмысы видеоға түсірілген. Қазақстандықтардың айтуынша, видеода көрсетілген ақ түтін шығарған үлкен машина – бұл жаңбыр шақыратын бұлт генераторы. Шындығында, бұл олай емес.

Суретті кері іздеуге арналған құралдардың көмегімен видеодағы машина NASA әзірлеген RS-25 қозғалтқышы екені анықталды. Оның алғашқы сынақ ұшырылымы 2015 жылдың 9 қаңтарында Миссисипи штатындағы Стеннис агенттігінің Ғарыш орталығында өтті.
Қазнетте тараған видеода 2015 жылдың күзінде өткен қозғалтқыштың тағы бір сынақ іске қосылуы көрсетілген. Ғалымдар мен әзірлеушілердің түсіндірмелері бар бұл видеоның толық нұсқасын NASA-ның ресми YouTube арнасынан табуға болады.
Бұл қозғалтқыш бұлт тудырмайды және жаңбыр шақырмайды. Ол ғарыштық ұшу аппараттарын жоғары көтеру үшін жасалған.
Демек, Қазнетте таралған ақпарат жалған.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button