Видео

Фейк: «ДНҚ сынақтары жануарларды адамдардан ажырата алмайды»

Instagram-да ДНҚ сынақтарының өтірік екенін дәлелдейтін видео шықты. Бұл технологияның көмегімен адамдарды жануарлардан ажырату мүмкін емес екен. Ролик кейіпкері үйдегі игуананың биоматериалын бәріне ДНҚ сынақтарын жүргізетін жекеменшік компанияға апарған. Нәтижесінде ол рептилияның нәсілі мен тегінің толық сипаттамасын алған. ДНҚ сынақтары бұлай қателесе ала ма? Анықтайық.

Видеоны таратушы – @officialtiktokscience TikTok аккаунты. Парақшаның сипаттамасында жануарлар туралы сатиралық контент қана жарияланатыны жазылған. Мысалы, парақшадағы видеолардан әртүрлі жануарлардың гибридтерін, тіпті покемонды да көруге болады. Олардың барлығы графикалық редакторларда шебер жұмыс істеудің нәтижесінде пайда болған.

Сондай-ақ, парақшада автор әртүрлі жануарлардың – иттің, сиырдың, ешкінің, кесірткенің және т.б. ДНҚ үлгілерін алып, жануарлардың тегі мен нәсілі туралы ақпарат алу үшін оны жекеменшік компанияларға жібергені көрсетілген видеолар бар.

Ролик авторы көбінесе ДНҚ сынақтарын жасайтын 23andMe жекеменшік америкалық компанияның қызметін пайдаланған. Алайда, TikTok-тағы қысқа видеолардан автордың үлгілерді дұрыс жинамайтынын және оны жасау үшін қолданылатын жабдық компания ұсынған жиынтықтардың жиынтығына сәйкес келмейтінін көруге болады. 23andMe ресми сайтында талдау дұрыс болуы үшін компания жіберген ДНҚ тестілеу жинағында берілген арнайы контейнерге екі миллилитр сілекей жинау керек делінген. Видео авторы мақтамен жануарлардың аузындағы немесе мұрнындағы шырышты қабықты жай ғана сүртіп, қаптамаға салады. 23andMe компаниясы үшін мұндай үлгілер жарамайды. Яғни, осылайша дұрыс және сенімді нәтиже алу мүмкін емес.

ДНҚ сынақтары адамды жануардан ажырата алмайды деген пікірге келетін болсақ, бұл олай емес. Жануарлардың ДНҚ-сы адам ДНҚ-сы сияқты нуклеотидтердің төрт түрінен тұрады: аденин, гуанин, тимин және цитозин. Айырмашылығы нуклеотидтердің орналасуында. Жануарлардың ДНҚ-сында кездесетін тізбектерге қрағанда олар адамдарда өзгеше орналасқан. Қазіргі заманғы технологиялар бұл айырмашылықтарды танып, анықтай алады.

Futurism.com ғылыми танымал порталының тәуелсіз журналистері эксперимент жүргізген. Олар лабрадордың ДНҚ үлгілерін генетикалық сынақ жасайтын бірден бірнеше жекеменшік компанияға жіберіп, нәтижелерін күткен. Сонда Orig3n DNA деп аталатын бір ғана фирма оны адам деп ойлап, иттің шығу тегі туралы жеті беттен тұратын есеп жіберген. Қалған компаниялар үлгі адамның ДНҚ-сына сәйкес келмейді деп жауап берген.

Демек, тараған видеоға сенбеген жөн. Ол сатиралық парақшадан алынған, ал видео көрсетілген ДНҚ материалын алу әдісі дұрыс емес. Заманауи технологиялар адамның ДНҚ-сын жануардың ДНҚ-сынан ажыратуға мүмкіндік береді.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button