Конспирология

Фейк: «Ватиканда рептилоид мүсіні орнатылды»

Әлеуметтік желілерде пайдаланушылар Ватиканда рептилойд мүсіні бар деп жазуда. Ол Рим Папасы тағының дәл артында орналасқан екен. Бұл рас па? Анықтайық.

Алдымен, адам болып көрінетін өзгеғаламшарлық рептилойдтар шынайы өмірде жоқ екенін айта кеткен жөн. Бұған конспирологтар сенеді, бірақ ешқандай дәлел келтірмейді. 

Хабарламада рептилоидтың мүсіні деп Перикл Фаццини жасаған «Қайта тірілу» мүсінін атайды. 

Суретте аспанға көтерілген Иса бейнеленген, ал айналасында жарылыс болып, зәйтүн ағаштары, тастар және т.б. жан-жаққа ұшады. Мүсіннің жоғары сапалы суреттерінде фигураның рептилоидтарға мүлдем ұқсамайтынын байқаймыз. Әлеуметтік желілерде тараған бұлыңғыр фотосуреттегіні көлденең созылған бас деп ойлап қалуға болады, ал бұл шын мәнінде Исаның жел желпіген шашы.

Мүсін Павел VI залында орналасқан және дінге сенушілер оны Рим папасының артынан көре алады. 

Қорыта айтқанда, таралған хабарлама фейк. Ватиканда рептилойдтарға арналған мүсін жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button