Fake News

Фейк: «Бақаның суреті бар тауарларда вакцина компоненттері бар»

Қазнетте ерекше теория тарады. Пайдаланушылардың айтуынша, дөңгелек ішінде бақа салынған таңбасы бар өнімдерді сатып алуға болмайды. Бұл өнімдерді Билл және Мелинда Гейтс қоры шығарған және олардың құрамында вакциналардың қауіпті компоненттері бар. Мұның бәрі жалған.

Постқа тіркелген суретте өнімнің қауіпті екенін білдіретін символ көрсетілген. Іс жүзінде бұл жаңбырлы ормандарды сақтау, еңбек құлдығымен және қанаумен күресу мәселелерімен айналысатын Rainforest Alliance үкіметтік емес ұйымының логотипі.

Дүкендерде осы ұйымның логотипі бар өнімдерді көруге болады. Бұл өнімнің стандарттарға сәйкес өндірілгенін және Rainforest Alliance сертификаттағанын білдіреді. Демек, оның өндірушілері тұрақты дамудың үш негізгі қағидасын бұзбаған: экологиялық, экономикалық және әлеуметтік. Яғни, тауар өндірісі экологияға зиян тигізбеген, ал жұмысшыларға лайықты жалақы төленіп, қолайлы еңбек жағдайлары жасалған. Кейде ұйым тауардың өзін емес, оның қаптамасын ғана сертификаттайды.

Билл және Мелинда Гейтс қорының ресми сайтында 2007 жылы Rainforest Alliance Африкадағы ауыл шаруашылығын дамытуға 5 343 025 АҚШ доллары көлемінде грант алғанын растайтын мәліметтер бар. Қор мен үкіметтік емес ұйым арасындағы байланыс туралы басқа деректер жоқ.

Rainforest Alliance сертификаттаған өнімдерде вакцина компоненттері бар деген пікір негізсіз және ғылымға қарсы. Біріншіден, бүгінгі күні ұйым сертификаттайтын шай сияқты ішуге немесе ананас сияқты жеуге болатын вакциналар жоқ. Екіншіден, Rainforest Alliance қаптамалардың кейбір түрлерін сертификаттайды, ал оларға вакциналар қосу мағынасыз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button