Фейк: «936 Гц жиілігі домалақ безді белсендіреді»
Әлеуметтік желілерде пайдаланушылар 936 Гц жиілігі бұл домалақ безді белсендіретін «керемет жиілік» екендігі туралы ақпаратты талқылауда. Бұған дәлел ретінде осы жиілікте ән айтып жатқан баланың видеосы ұсынылуда. Бұл мәлімдемені тексерейік.
Видеоның өзінен бастайық. Бұл Britain’s Got Talent бағдарламасынан алынған үзінді. Ән айтып тұрған баланың аты – Малакай Байо. Бұл орындаудың толық жазбасын Желіден табуға болады.
Малакай Байо туралы Желіде жазылды, бірақ беделді дереккөздер баланың қандай максималды жиілікте ән айта алатынын көрсетпеген.
Дыбыс жиілігі – қарапайым тілмен айтқанда, уақыт бірлігіндегі дыбыстық тербелістер саны. Яғни, бүкіл әнді бір жиілікте айту мүмкін емес, өйткені орындау барысында дыбыстың жоғарылығы мен жиілігі өзгереді.
936 Гц дыбыс жиілігі домалақ безді белсендіреді деген теория ғылымға қарсы. Біріншіден, бұл гипотезаны жанама түрде растайтын эксперименттер жоқ. Екіншіден, домалақ без немесе эпифиз сау адамда онсыз да белсенді. Ол мелатонин мен сератонин шығарады – ұйқы мен сергек жүру циклдеріне жауап беретін гормондар, сонымен қатар фосфор, кальций, магний және су-тұз алмасуын реттеуге қатысады.
Егер домалақ бездің жұмысы бұзылса, онда бұл ұйқысыздық, бас ауруы, жүрек айну, есте сақтау қабілетінің нашарлауы, депрессия және тағы басқалар сияқты белгілер көп байқалады.
Дыбыстар арқылы қанадй да бір мүшелерді емдеу немесе «белсендіру» идеясы сольфеджио жиілік теориясы деп аталады. Ол псевдоғылыми және оны фактчекерлер мен ғалымдар бірнеше рет жоққа шығарды.
Демек, «керемет жиілік» пен домалақ безді музыка арқылы белсендіру туралы теория дәлелсіз және псевдоғылыми теорияға негізделген.