Fake News

Фейк: «Алкоголь сөзі араб тілінен аударғанда «денені жейтін рух» дегенді білдіреді

Instagram әлеуметтік желісінде қазақстандықтар «алкоголь» сөзінің этимологиясын талқылауда. Таралған хабарламада оның араб тілінен шыққандығы және сөзбе-сөз «денені жейтін рух» деп аударылады делінген. Бұл жалған.

Шын мәнінде, алкоголь сөзі араб тіліндегі al артиклінен және аккад тілінен шыққан kuhl сөзінен шыққан. Олар бірге «сүрме металлының ұнтағы» дегенді білдірді. Бұл сөз араб елдерінде және Португалияда алхимиктер арасында кеңінен қолданылды. Олардың арқасында еуропалықтар Al-kuhl сөзін қолдана бастады.

Уақыт өте келе оның мағынасы кеңейіп, кез келген ұнтаққа қатысты пайдаланылды. Бұл сөз орыс тіліне XVIII ғасырда еніп, Даль сөздігінде «мінсіз таза және өте нәзік зат; бұл химияда кейде бірнеше рет тазартылған және бөгде заттардан тазартылған шарап спирті, кейде ең ұсақ ұнтақ» деп түсіндірілген.

Жүз жылға жуық уақыт өткен соң «алкоголь» сөзі кейбір жағдайларда «спирт» сөзінің синонимі ретінде қолданыла бастады, тек ХХ ғасырда ғана «алкоголь» сөзі құрамында спирт бар барлық сусындарды білдіретін болды. 

Алкоголь ішкеннен кейін мас болудың зұлым рухтарға еш қатысы жоқ. Шындығында, алкоголь ұсақ тамырларды бітеп тастайды, оның салдарынан миға оттегі аз түсіп, жеңіл гипоксия басталады. Егер тым көп алкоголь ішілсе, онда оттегі жетпеген ми жасушалары жойылады. Нақ осы процестер эйфория, өз мүмкіндіктеріне шамадан тыс сенімділік сезімін, кейіннен бас айналу мен жүрек айнуын тудырады. 

Демек, араб тілінен аударғанда алкоголь «денені жейтін рух» дегенді білдірмейді. Сонымен қатар мас болуға зұлым рухтар емес, этил спиртінің ағзаға әсері әсер етеді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button