Манипуляция: «The Washington Times газеті маскалар мен вакциналар коронавирустан қорғамайды деп жазды»
Әлеуметтік желілерде The Washington Times газетінде 2023 жылғы 1 наурызда жарық көрген мақала талқылануда. Онда вакциналар вирустан қорғамайды, ал маскалар, респираторлық болса да, инфекцияға қарсы тиімсіз делінген.
The Washington Times – консервативті көзқарасты ұстанатын америкалық газет. Media Интернеттегі БАҚ-ты ақиқат және теріс пікір білдіруін бағалайтын тәуелсіз веб-сайт -Bias/Fact Check – The Washington Times газетін күмәнді дереккөз деп санайды. Газетте жалған ақпарат пен күмәнді мәліметтер жариялайтындықтан, ол саяси тұрғыдан біржақты, сонымен қатар қастандықтарды насихаттауға және ілгерілетуге бағытталған.
«Вакциналар әсер етпейді, маскалар әсер бермейді: үкіметтің COVID-19 туралы бізге айтқанының бәрі жалған» деп аталатын мақалада автор маскалар мен вакциналардың тиімсіздігін дәлелдейтін жаңа зерттеулер туралы жазады. Алайда мәтінде бұл ғылыми жұмыстардың тақырыптары да, сілтемелері де жоқ.
Сонымен қатар, материалда вакциналар мен маскалардың тиімділігін дәлелдейтін бұрынғы зерттеулерге сенуге болмайды, өйткені олар рандомизацияланбаған, яғни жүйелі қателіктері бар делінген. Бұл шындыққа жанаспайды.
SARS-Cov-2-ден қорғауда вакциналар мен маскалардың тиімділігін дәлелдейтін зерттеулер көп. Ғылыми жұмыстар жарияланбас бұрын рецензиялануы керек, яғни өзектілігі мен дұрыстығын анықтау үшін тәуелсіз маманның қосымша тексеруінен өтуге тиіс. Яғни, ғылыми және медициналық журналдарда жарияланған барлық еңбектер, соның ішінде вакциналар мен маскалар туралы жұмыстар расталған фактілерге негізделген.
The Lancet халықаралық медициналық журналынан «COVID-19 қарсы вакцинациялаудың бірінші жылының жаһандық әсері: математикалық модельдеу арқылы зерттеу» атты мақаланы оқуға болады.
Бұл зерттеу коронавирустан болған ресми түрде тіркелген өлім жағдайларына негізделген. Нәтижелерге сәйкес, вакцинация 2020 жылғы 8 желтоқсан мен 2021 жылғы 8 желтоқсан аралығында 185 елде COVID-19-дан болуы ықтимал 14,4 миллион өлімінің алдын алған.
Бетке тағатын маскалардың қорғау тиімділігін талдау да оң нәтиже көрсетті. Эпидемиологиялық деректер масканы қолданған кезде коронавирустың таралуының өсу қарқынының төмендейтінін дәлелдейді. Бұл ретте N95 және KH95 респираторлары да, хирургиялық және қарапайым мата маскалары да тиімді қорғайды.
Сонымен қатар маскалардың әртүрлі түрлері адам тыныс алған, жөтелген немесе түшкірген кезде бөлініп шығатын бөлшектердің мөлшерін, әсіресе маска тақпаған жағдаймен салыстырғанда. қаншалықты азайтатынын визуалды түрде көрсететін зертханалық тәжірибелер бар.
Демек, The Washington Times газетіндегі COVID-19 қарсы вакциналар мен маскалар тиімсіз екендігі туралы мақала күмән тудырады. Біріншіден, оның дәлелді ғылыми растауларға сілтемелер жоқ. Екіншіден, маскалар мен вакциналар коронавирустан қорғайтынын дәлелдейтін бұрын жүргізілген зерттеулер бар.