Fake News

1 шілдеден бастап Қазақстанда некені онлайн тіркеуге болатыны рас па?

Қазнетте 2023 жылғы 1 шілдеден бастап некені онлайн форматта тіркеуге болады деген ақпарат шықты. Бұл рас па? Анықтайық.


Қысқаша айтсақ, бұл өтірік.
2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда некеге тұру рәсімі біршама өзгереді, бірақ жас жұбайлардың қатысуы маңызды.
1 шілдеден бастап некені АХАТ емес, ХҚКО қызметкерлері тіркейді. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызметі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды және ақпараттық қауіпсіздікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң шеңберінде «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-қа беріледі. 
Бұл ретте «Азаматтарға арналған үкіметтің» хабарлауынша, жаңашылдыққа қарамастан, некеге тұру бұрынғы АХАТ ғимараттарында жүзеге асырылады, олар енді мемлекеттік корпорацияның бэк-офистері деп аталады. Яғни, жас жұбайлар қалауы бойынша салтанатты түрде некеге тұра алады.
Некені тіркеуге өтінішті электрондық үкімет порталында онлайн немесе бэк-офистерге жүгініп, офлайн режимде береді.
Ал тікелей неке қию салтанатында жас жұбайлардың екеуі де болуға тиіс. 
Демек, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап некеге онлайн түрде тұруға болады деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button