Пікірлер

ҚР Қорғаныс министрлігі Омбыға әскери техника жеткізу туралы қауесетті жоққа шығарды

Әлеуметтік желілерде әскери техника тасымалы түсірілген видео тарады. Ол Ресейге Омбыға жөнелтілген, ал кадрлар Павлодардың жанында түсірілген екен.


ҚР Қорғаныс министрлігі бұл мәлімдемені жоққа шығарды.

«Әлеуметтік желілерде тараған қазақстандық әскери техниканы Ресейге жөнелту туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл видеода жоспарлы жөндеу жүргізу үшін орталық өңірден елдің шығыс бөлігіне жөнелтілген техниканы тасымалдау барысы көрсетілген. Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 27 тамызда Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынды. Осыған байланысты азаматтардан әлеуметтік желілерде тараған қауесеттерге назар аудармай, тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуін сұраймыз», – делінген ведомство хабарламасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button