Фейк: «Вакцинацияланған әскерилер бүкіл әлемге қарсы қолданылады»
Желіде COVID-19-ға қарсы егілген әскерилер бүкіл әлемге қарсы қолданылады деген ақпарат тарады. Вакциналарда адамдардың ақыл-ойын толығымен қамтып, оларды көнгіш ететін заттар бар екен. Бұл жалған.
Таратылған видео – «Стю Питерс шоуы» бағдарламасынан алынған үзінді. Бұл ағылшын тілді ортада белгілі жалған ақпарат пен қастандық теорияларын тарататын дереккөз. Демек, шоудың эфирінде айтылған мәліметтерге сақтықпен қарау керек.
Таралған роликтің кейіпкері адам ағзасында өздігінен қалыптасып, ақыл мен ерікті баурап алатын COVID-19 қарсы вакциналардың құрамындағы нано бөлшектер туралы айтады.
Шын мәнінде, COVID-19-ға қарсы мРНҚ вакциналарының құрамына тек липидті нанобөлшектер ғана кіреді. Олар нәзік мРНҚ молекуласы үшін өзіндік қабық ретінде қызмет етеді және оны ағзаға енгенге дейін ыдыраудан қорғайды. Бұл бөлшектердің басқа функциялары жоқ. Олар ағзаның ішінде өздігінен пайда болмайды және адамның санасын баурап алмайды.
Сондай-ақ видеода COVID-19-ға қарсы вакцинация әскерилерді басқарылатын «зомбилерге» айналдыру үшін олар үшін міндетті болады деген идея айтылады. Бұл олай емес. Әскерилер қызылша, қызамық, гепатит және басқа ауруларға қарсы вакциналар алуға міндетті. Әскерилер арасында вакцинация әлемде COVID-19 таралғанға дейін міндетті болған.
COVID-19 қарсы вакциналарда спутниктермен байланысатын бақылау құрылғылары бар деген теориялар – конспирологиялық. Оны мамандар мен фактчекерлер жоққа шығарған.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындыласақ, видеодағы ақпараттың бәрі жалған. Ролик кейіпкерінің мәлімдемелері – бұл теріске шығарылған қастандық теориялары және ойдан шығарылған ақпарат.