Конспирология

Конспирология: «Тегі бар адамдардың бәрі АҚШ-тың құлдары»

Instagram-да тегі бар барлық адамдар АҚШ-тың құлдары деген ақпарат талқылануда. Олардың мүлкі, тіпті балалары да осы мемлекетке тиесілі, ал тегі бар адамдар заңды түрде қабілетсіз болып саналады екен. Бұл – ойдан шығарылған және конспирология.

Мұндай идеялар тірі егемен адамдар туралы қастандық теориясынан шыққан. Біз ол туралы егжей-тегжейлі жаздық және оның неге шындыққа жанаспайтынын түсіндірген болатынбыз. Қысқаша айтқанда, теорияға сәйкес, әрбір туған адамның атына Ватикан банктерінде шот ашылады және бұл шотқа адамның туған кездегі салмағына тең алтын болады. Алайда, бұл байлықты алу мүмкін емес, өйткені мемлекеттер адамдарды заңды түрде «өлтіреді» және оларға төлқұжат беріп, жеке тұлғалар деп танып, оларды қабілетсіз етеді.
2022 жылы бұл теория қазақстандықтар арасында кеңінен тарап, Желіде осындай мазмұндағы жарияланымдар көп шыға бастады. Қазақстанда тек АҚШ-тың құлдарының ғана тегі болады деген ақпарат – солардың бірі.
Бұл тезистің шындыққа ешқандай қатысы жоқ. Ежелгі Римде де адамдардың тегі болған. Көбінесе олар ру, тайпа немесе адамның туған қаласының негізін қалаушының атымен берілді.
Римнен тек беру жағдайы бүкіл Еуропаға, кейіннен бүкіл әлемге таралды. Тектер мен олардың пайда болуының құлдыққа және АҚШ-қа ешқандай қатысы жоқ екені анық.
Сонымен қатар АҚШ-та құлдық 1865 жылы ресми түрде жойылды және содан бері заңмен қудаланды.
Қазақстан – бұл аумағында АҚШ заңдары қолданылмайтын егеменді мемлекет. Біздің еліміз отар немесе корпорация деген теориялар конспирологиялық және олар жоққа шығарылды. 
Қорыта айтқанда, таралған ақпарат фейк және конспирология болып табылады. Тегі бар адамдар құл емес.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button