Манипуляция

Манипуляция: «АҚШ-та адам экскременттерімен емдеу мақұлданды»

Әлеуметтік желілерде пайдаланушылар АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы (FDA) адам экскременттерінен тұратын дәріні мақұлдағаны туралы жазады. Бұл рас па? Анықтайық.


Бұл – жақында FDA мақұлдаған VOWST препараты. Ол антибиотиктермен емделген адамдарда Clostridioides difficile бактериясының қайталанатын инфекцияларын емдеуге арналған. Бұл осындай алғашқы дәрі. Оның белсенді ингредиенті – фекальды микробиотаның споралары.
Олар шынымен донорлық нәжістен алынады, бірақ фекалий дәрі-дәрмектің құрамында болмайды. Препаратты өндіруші FDA сайтында орналастырған ақпаратқа сәйкес, олар этанолмен тазартылады және көп сатылы сүзгіден өтеді, соның арқасында микробиотаның спораларынан басқа барлық заттар материалдан шығарылады.
Препарат клиникалық сынақтардан өтіп, өзінің тиімділігін растады. Ол еріктілерде елеулі жанама әсерлер тудырмады. Ең жиі кездесетін жағымсыз реакциялар іштің кебуі, диарея, іш қату, қалтырау және шаршау болды.
Демек, VOWST препаратын қолдануды фекалий тұтынуға теңеу дұрыс емес. Препаратта көп сатылы тазарту және сүзу арқылы алынған микробиотаның споралары ғана бар. Яғни таралған хабарлама манипуляция болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button