Fake News

Мектеп кабинеттерінен гүлдерді алып тастау талабы туралы ақпарат – фейк

Facebook әлеуметтік желісінде мектеп кабинеттеріндегі барлық өсімдіктерді алып тастаукеректігі туралы ақпарат шықты. Автордың айтуынша, бұған бөлме гүлдерінің COVID-19 жұқтыруға әсер ететіні себеп болған.

 

 

Пайдаланушы оқу бөлмелерінен өсімдіктерді алып тастауды нақты кімнің бұйырғанын жазбаған, бірақ ол адамдардан ақпаратпен барынша бөлісуді сұрап, дабыл қағып, бұл туралы көпшіліктің білгенін қалаған. Бірақ сыныптағы гүлдерді алып тастауға заңды негіз жоқ.

– Бас санитарлық дәрігер мектептердегі өсімдіктерге қатысты ешқандай шешім шығарған. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан да, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті тарапынан да бұл жөнінде нұсқаулар болған жоқ, – деп хабарлады Комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Өсімдіктер COVID-19 жұқтыруы мүмкін екендігіне ғылыми дәлелдер жоқ. Сонымен қатар, бөлме гүлдерінің кейбір түрлерін оқу орындарында өсіру ұсынылады. Олар биология сыныптарында көрнекі құрал бола алады, зиянды заттар мен газдарды сіңіреді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button