Kaspi.kz-тегі шоттардан ақша алуға шақыратын аудио хабарлама – фейк
WhatsApp мессенджерінде Kaspi.kz шоттарындағы барлық ақшаны шұғыл түрде алуға шақыратын аудио хабарлама тарады. Алдағы уақытта проблемалар туындар, қаражат жоғалып кетуі мүмкін екен. Бұл шындыққа жанаспайды.
Вирустық ақпаратқа сенбеген жөн.
«Бұлай күлмегеніме көп болды. Бұл сандырақ, өтірік. Бұл хабарламаның авторына көктем әсер еткен болар. Біз клиенттерімізге сенімі мен осындай арандатушылықтарға деген иммунитеті үшін алғыс айтамыз. Ал хабарлама авторының сауығып кетуін тілектеспіз», – деп хабарлады в Kaspi.kz.
Kaspi.kz ресми сайтында толық қаржылық есептілік жарияланған. Мысалы, 2022 жылға арналған қаржылық есепті жүктеп алып, барлық көрсеткіштермен танысуға болады. Сонымен қатар, Kaspi.kz акциялары Лондон қор биржасында саудаланатын, капиталдандыру бойынша құны $14 млрд құрайтын Қазақстанның ең ірі компаниясы. ҚР Ұлттық банкінің ақпаратына сәйкес, Kaspi банк 2023 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша меншікті капиталы, пайдасы мен активтері бойынша елде екінші орында тұр. 2022 жылы Kaspi.kz Қазақстанда электрондық коммерция саласында көш бастады. Сондай-ақ депозиттердің өсуі бойынша бірінші орынға тұрақтады.
Қорыта айтқанда, таралған дыбыстық хабарламаға сенудің қажеті жоқ.