Fake News

Манипуляция: «Германияның ірі клиникасының директоры COVID-19 қарсы вакциналардың қаншалықты тиімді екенін білмейтінін мәлімдеді»

Telegram-да Германияның «Шарите» клиникасының бас директоры Хейо Кремердің сөзінен үзінді тарады. Видеода ол вакцинаның қалай әсер ететінін, оның қаншалықты тиімді және қандай жанама әсерлер тудыруы мүмкін екенін білмейтінін айтады. Оның сөздері нені білдіреді. Түсіндірейік.

Видео 2023 жылдың 28 наурызында түсірілген екен. Бұл күні Хейо Кремер «Кедергілерді жою, мүмкіндіктерді пайдалану – трансформацияға арналған инновациялық жүйе» тақырыбындағы зерттеу саммитінде сөз сөйледі.
Толық видеосы саммиттің ресми сайтында бар. Хейо Кремер денсаулық сақтауды цифрландыруға арналған іс-шараның екінші бөлімінде баяндама жасаған. 
Ол COVID-19 қарсы вакцина туралы цифрландыруды енгізгеннен кейін алуға болатын деректерді сақтау және талдау туралы сұраққа жауап бергенде айтқан. Оның жауабын 1:19:20 тайм-коды бойынша тыңдауға болады.
Оның айтуынша, Германияда салынған COVID-19 қарсы вакциналардың тиімділігі туралы деректер жоқ. Сонымен бірге, бұл ақпаратты ел билігі Израильден және басқа елдерден толық алғанын атап өтті. Германияда бұл деректерді ала алмаудың себебі – алынған ақпарат негізінде статистиканы талдауға және құрастыруға болатын пациенттердің электрондық денсаулық паспорттарының болмауы. Яғни, доктор Кремер COVID-19-ға қарсы вакциналардың қауіпті және нашар зерттелгендігін емес, Германияда Денсаулық сақтау жүйесінде цифрландыру деңгейінің төмен болуына байланысты вакциналардың тиімділігі туралы статистиканы ел аумағында жасай алмағанын айтады.
Демек, таралған ақпарат манипуляция болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button