Жаңалықтар

Дәлелсіз: «27 қаңтарда доллар бағамы «алтын стандартқа» байланады»

Қазақстандықтар желіде бір-бірін 27 қаңтарда доллар бағамының күрт өзгеретіні туралы ескертуде. Валюта «алтын стандартқа» байланады дейді. Шындығында, бұған алғышарттар жоқ.

Дональд Трамп әр басылып шыққан долларды асыл металдың белгілі бір мөлшерімен күшейту туралы бірнеше рет айтқан. Оның ұсынысын Федералды Резерв Кеңесіне сайлауға түскен Джуди Шелтон да қолдаған. Алайда, АҚШ ұлттық валютасын бағалау жүйесін өзгерту және оны алтынға байлау идеясы танымал болмай, сенат мүшелері Шелтонның кандидатурасына қарсы дауыс берді. 

Көптеген экономистердің пікірінше, «алтын стандартқа» байланыстыру жақсы нәтиже бермейді. Керісінше, бұл шара айналымдағы ақша мөлшерін едәуір азайтады. Сондай-ақ, алтынның құбылмалы бағасы АҚШ валютасына теріс әсерін тигізеді.
Айта кетейік, Штаттардың валюталық жүйесіндегі өзгерістер туралы ресми мәлімдемелер жасалған жоқ. Федералды резервтік жүйе сайтында да мұндай хабарламалар жарияланбаған.
Демек, үстіміздегі жылдың 27 қаңтарында доллардың «алтын стандартқа» байланатыны туралы хабарламалар расталмайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button