Фейк: «COVID-19 қарсы вакциналарда бақылау құрылғылары бар»
Желіде COVID-19 қарсы вакциналарда бақылау құрылғылары бар екенін дәлелдейтін видео топтама тарады. Бұл рас па? Анықтайық.
Ер мен әйелдің ДНҚ-ға қосылатын бақылау құрылғылары туралы сөйлесіп тұрған алғашқы кадрлар «Vизитерлер» фантастикалық сериалының бірінші маусымының бесінші сериясынан алынған. Сериал желісі бойынша әлемге жүздеген өзгеғаламшарлық кеме қонып, келімсектер ауыр ауруларды емдеу әдістерін және супер заманауи технологияларды жасау жолдарын адамдармен бөлісе бастайды. Мейірімділік танытқанына қарамастан, келімсектер адамдарды бақылап, бүкіл адамзатты құлдыққа алуға тырысады.
Сондай-ақ видеода Гамалея эпидемиология және микробиология ҒЗО директоры Александр Гинцбургпен сұхбатынан үзінді келтірілген. Ол әртүрлі вакциналардың СOVID-19 қарсы қалай әрекет ететініне тоқталады. Бірақ бақылау құрылғылары туралы айтпайды.
Содан кейін француз конспирологы Пьер Жильбердің сөз сөйлегені көрсетіледі. Ол жасанды вирустар және адамдарды мәжбүрлеп чиптеу туралы айтады. Бұл видео 1995 жылы түсірілген және содан бері оны қастандық теориясын жақтаушылар белсенді қолданып келеді. Ондағы ақпарат дәлелденбеген және ғылымға қарсы. Бұл туралы әр түрлі елдердің фактчекерлері бірнеше рет жазды.
COVID-19 қарсы вакциналарда бақылау құрылғылары жоқ екенін мамандар растады. Мұндай қауесеттер қастандық теорияларынан шыққан және мүлдем расталмайды.
Вакциналардың құрамында механикалық құрылғылар көрсетілмеген. Онымен Медициналық және фармацевтикалық комитеттің ресми сайтында танысуға болады контроля.
Демек, таралған ақпарат COVID-19 қарсы вакциналарда бақылау құрылғыларының бар екенін дәлелдемейді. Бейнежазбада қолданылған сериалдан алынған үзіндіде вакцина емес, өзгеғаламшарлықтар туралы айтылған. Александр Гинзбург роликте вакциналардағы бақылау құрылғылары туралы емес, әртүрлі екпелердің қалай әрекет ететіні туралы айтады. Пьер Жильбер – конспиролог, оның сөздері талай рет жоққа шығарылған.