Алаяқтық

Фейк: «Президент қарапайым азаматтарға көмек көрсету бастамасы қолға алынғанын жариялады»

Facebook-те тараған видеороликте Қазақстанда қарапайым азаматтарға көмек көрсетудің жаңа бағдарламасы іске қосылғаны туралы айтылады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеген екен. Бұл видео фейк, оған сенбеген жөн.

 

Бұл роликте мұнай мен газдан пайда табуға мүмкіндік беретін инвестициялық платформа жарнамаланған. Шындығында, бұл жарнама алаяқтық болып табылады.
Пайдаланушыларға кадрда 2023 жылғы мамырда Еуразиялық экономикалық форумда сөз сөйлеп тұрған Қасым-Жомарт Тоқаев көрсетілген. Бірақ жарнамалық видео жалған дыбысталған.
Бұған ҚР Президентінің akorda.kz ресми сайтында жарияланған мәтінді оқып, көз жеткізуге болады.  Немесе YouTube-тен Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысының видеосын қарап көріңіз.

ҚР Президенті өз сөзінде азаматтарға көмек көрсететін жаңа мемлекеттік бағдарлама туралы ештеңе айтқан жоқ. Инвестициялық платформа, сондай-ақ жылдам және көп кепілдендірілген табыс табу туралы да сөз болған жоқ.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ЕАЭО дамуы аясындағы интеграциясы туралы айтты.
Демек, ҚР азаматтарына көмек көрсетуге бағытталған бекітілген жаңа жоба туралы видео – фейк. Бұл ақпаратқа сенбеңіздер және тіркелген сілтеме арқылы өтпеңіздер. Бұл алаяқтық.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button