Видео

Дәлелсіз: «Еритін дәрумендерден графен оксиді табылды»

Қазнетте тараған видеода суда еритін С дәрумені таблеткаларында кездесетін графен оксиді көрсетілгені айтылған. Бұл кадрларға сенуге бола ма? Түсіндіріп өтейік.

 

Алдымен, видеоның жазбасы мен оның мазмұны бір-біріне қайшы келетінін атап өткен жөн. Онда кадрларда С витаминінің таблеткаларынан табылған графен оксиді көрсетілген деп жазылған. Видеода металл бөлшектері табылған коэнзим Q10 биологиялық белсенді қоспасы бар бөтелке көрсетілген. Бірақ графен металл емес, яғни оның оксиді де.
Кадрларда көрсетілген биологиялық белсенді қоспаның шишасын желіден оңай табуға болады. Бұл Melaleuca компаниясы шығарған өнім. Сайтта осы витаминдердің құрамында Q10 коэнзимі, Е дәрумендері және альфа-липой қышқылы бар екендігі айтылған. Қосымша ингредиенттер ретінде сайтта мақсары майы, желатин, глицерин, балауыз, лецитин және «карамель» реңкті өсімдік бояуы көрсетілген.
Тағамдық қоспаның ингредиенттер тізімінде металдар жоқ. Демек, видеода түсірілген үлкен металл бөлшектері капсула суда ерігеннен кейін пайда болды деп айтуға негіз жоқ. Кадрларда стаканға нақты не салынғаны көрсетілмегендіктен, автор әсерлі кадрларды түсіру үшін бір нәрсені әдейі араластырды деп пайымдауға болады. Біз бұған дейін бұл видеоның авторы туралы жазған болатынбыз. Ол азық-түлікті әдейі бүлдіріп, әлеуметтік желілердегі пайдаланушыларды қорқыту үшін оны микроскоппен қарап, зерттейді.

Фейк: «Бананнан кішкентай паразиттер табылды»

Демек, суда еритін витаминнің құрамында графен оксиді бар екеніне сенуге негіз жоқ. Видеода бұл емес, биологиялық белсенді қоспадағы металл бөлшектері көрсетілген. Бірақ өндірушінің ресми сайтында орналастырылған осы қоспаның құрамында металл элементтер жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button