Фейк: «Симпсондар» Silicon Valley Bank-тің күйреуін болжады»
Әлеуметтік желі қолданушылары «Симпсондар» мультсериалындағы тағы бір «болжамды» байқаған. Танымал шоу Кремний алқабындағы стартаперлерге несие берген Silicon Valley Bank банкінің күйреуін болжаған екен. Бұл шындыққа жанаспайды.
Silicon Valley Bank-тің күйреуі туралы осы жылдың 11 наурызында белгілі болды. Ол көлемі жағынан АҚШ-тағы сегізінші ірі банк болған және технологиялық компаниялардың акциялары бағасының құлдырауынан зардап шекті. Сондай-ақ салымдарын қолма-қол ақшаға айналдырып, алып кеткісі келетін салымшылардың «әрекеті» де өз септігін тигізді.
Пайдаланушылардың айтуынша, «Симпсондар» бұл жағдайдың орын алатыны туралы алдын ала білген. Эпизодтардың бірінде Silicon Valley Bank-тің күйреуі көрсетілген екен. Шындығында, сериалда ондай жағдай жоқ.
Шын мәнінде, бұл фейктің авторы мультсериалдағы нақты көріністердің бірін өзгерту үшін графикалық редакторларды пайдаланған.
Бұл ретте 1995 жылғы PTA Disbands эпизоды туралы айтылуда. Онда сериал кейіпкері күйреген банкке кіреді, бірақ ол Желідегі үзіндіде көрсетілгендей Silicon Valley Bank деп емес, First Bank of Springfield деп аталады.
Яғни, мультфильмде банк атауы адамдарды шатастыру үшін әдейі өзгертілгенін дәлелдейді. Бұған дейін бұл фейкті Snopes порталы да жоққа шығарған болатын.