Талдау

Қазнетте Google-карталардағы мектептердің атауын өзгерту мәселесі тағы да талқылануда

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар Google карталарында қазақстандық мектептердің атауын өзгерту туралы тағы да жазуда. Instagram қолданушысы Өскемен мектептерінің біріне порно актердің аты «берілгендігін» анықтаған. Бұл қалай жасалатынын және неге ештеңені білдірмейтінін айтып берейік.


Іс жүзінде адамдар Google карталарда кез келген нүктенің атын өзгерте алады. Ол үшін арнайы білім немесе дағдылар қажет емес. Картадағы компанияның немесе мекеменің мекен жайын, атауын, сипаттамасын өзгерту туралы нұсқаулықты іздеу жүйесінен оңай табуға болады. Осы нұсқаулықта көрсетілген ақпаратқа сәйкес, Google олардың өзектілігін тексеру үшін «пайдаланушылар енгізген барлық түзетулерді талдайды». Оны адам емес, жасөспірімдердің сөздері мен әзілдерін тани алмайтын алгоритм жасайды.
2018 жылы ресейлік оқушылар Google карталардағы нүктелерге жаңа атаулар бере бастады. Ол кезде мектептерге, ауруханаларға, тіпті қоғамдық дәретханаларға да бразилиялық стриптизер Рикардо Милостың есімі берілген еді.
2019 жылы «қайта атау» толқыны Алматыда орын алды. Мысалы, көк базарға Илон Масктың есімі «берілді», ал Гоголь-Шагабутдиновтағы сквер жапон мангасының кейіпкері Дио Брандоның атымен аталды.
Ал, 2021 жылы Ресейде мектептер жаппай қайта аталды. Google-карталарда оларға рэпер Моргенштерннің немесе Инстасамканың аты берілді. Осы кезде Қазақстанда «Ақылдыларға арналған мектеп», «Дәмді бебра атындағы АЖМ» және «МШК фрде атындағы мектеп» пайда болды. 
Бұл осы атаулардың жергілікті билік органдарымен келісілген және шынайы дегенді білдірмейді. Бұл ұдайы сәтті бола бермейтін жасөспірімдердің әзілдері.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button