Fake News

Фейк: «Вакцинацияланған балаларда миокардит болу ықтималдығы бірнеше есеге артады»

Желіде СOVID-19-ға қарсы вакцинацияланған балаларда миокардит – жүрек бұлшықетінің қабынуының болу ықтималдығы бірнеше есеге артады деген теория талқылануда. Таралған хабарламаға сәйкес, вакцинацияланбаған балаларда бұл көрсеткіш 250 мыңның біріне, ал вакцинацияланған балаларда – қырықтың біріне тең екен. Шындығында, бұл олай емес.


Бұл мәлімдеменің авторы – доктор Питер МакКаллоу. Ол белгілі covid-диссидент және вакцинацияға қарсы тұлға. Мысалы, бұған дейін ол вакциналар табиғи иммунитетті бұзады, жүрек жұмысында қиындықтар тудырады және әйелдердің репродуктивті денсаулығына теріс әсер етеді деп мәлімдеген.
Бұл мәлімдемелердің барлығы жалған, оларды медицинаның әртүрлі салаларының мамандары мен фактчекерлер жоққа шығарған болатын.
МакКаллоудың вакцинацияланған балалардың екпе алмағандарға қарағанда миокардитке шалдығу қаупі бар деген теориясы дәлелсіз және ғылыми дәлелдерге қайшы келеді. Myocarditis Foundation қорының ақпаратына сәйкес, 2020 жылғы наурыз бен 2021 жылғы қаңтар аралығында, яғни балаларға арналған COVID-19 қарсы вакциналар пайда болғанға дейін миокардит болмаған төрт миллион баланың 132-інде осы ауру дамыған. COVID-19-бен ауырғандардың ішінде миокардит 65 000 баланың 86-нда анықталды, бұл COVID-19-бен ауырған 16 жасқа дейінгі балалардың шамамен 0,133%-ы.
2022 жылдың қарашасында COVID-19 қарсы вакцина алған балаларда миокардиттің даму проблемасына арналған зерттеу жарияланды. Ғалымдардың пікірінше, жүрек бұлшықетінің қабынуы 12-15 жас аралығындағы балалардың 0,01%-нда және 16-17 жастағы жасөспірімдердің 0,008%-нда дамыған.
Бұл вакцинацияланбаған, бірақ ауырған балаларда миокардиттің даму жиілігі егілген және COVID-19 жұқтырмағандарға қарағанда жоғары екенін айқын дәлелдейді.
Ғылыми дәлелдер бұған дейін осындай негізсіз мәлімдемелер жасаған Питер МакКаллоудың теориясын жоққа шығарады. Демек, таралған ақпарат – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button