Фейк: «Кальций глюконаты таблеткаларына қауіпті пластик қосады»
Мессенджерлерде Алматы тұрғыны түсірген видео тарады. Оның айтуынша, кальций глюконаты таблеткаларына ішкі ағзаларға енетін қауіпті пластик қосады. Виодео авторы балалар бұл препараттан қайтыс болатынын айтады. Бұл олай емес.
Дәрі құрамы қауіпті деген қорытынды жасауға үйде жүргізілген тәжірибе негіз болған. Ол газ қыздырғышына бірнеше кальций глюконаты таблеткаласын салғанда, одан жан-жаққа тараған лас сұр көбік шығатынын байқаған.
Шын мәнінде, бұл қыздырған кезде кальций карбонатының бұзылуы жүретін химиялық реакция. Оны қыздырған кезде көміртек, кальций оксиді, көмірқышқыл газы және су бөлініп шығады. Сұр түсті «жылан тәрізді» зат ақ кальций оксиді мен қара көміртекке байланысты, ал кеуекті құрылымы мен «өсуі» көмірқышқыл газынан болады.
Бұл тәжірибе халық арасында «перғауын жыланы» деп аталады, жеңіл орындалып, қызық болуына байланысты оны әртүрлі танымал ғылыми шоулар мен бағдарламалар кезінде балаларға жиі көрсетеді.
Мұндай тәжірибені үйде жасауға арналған дайын жиынтықтарды балалар дүкендерінен алуға болады.
Тәжірибенің танымал және оны түсіндіру қарапайым болғанына қарамастан, кейбір адамдар сұр «жыландардан» шошиды. Осыған орай тәжірибені кейде видеоға түсіріп, әртүрлі ескертулер жазып, Желіде таратады. Мысалы, 2019 жылы Қазнетте тараған осындай роликте «адамдар салмақ жоғалту үшін қытайлық таблеткалар сатып алмаңыздар» деп жазылды. Ал 2021 жылы кальций глюконатымен түсірілген видео Украинада кеңінен тарады.
Шын мәнінде, кальций глюконаты қауіпті емес. Бұған препараттың нұсқаулығымен танысып, көз жеткізуге болады. Дұрыс қабылданған жағдайда, оның ешқандай елеулі жанама әсері болммайды, өлімге де әкелмейді.
Қорыта айтқанда, кальций глюконаты таблеткаларының құрамында қауіпті пластик бар деген ақпарат – фейк.