Алаяқтық
Алаяқтар өнеркәсіп министрлігінің басшылығының атынан хабарламалар таратуда
Белгісіз біреулер WhatsApp және Telegram қосымшаларында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі басшылығының атынан түрлі мазмұндағы фейк хабарламалар таратуда.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.
«ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мессенджерлерде соңғы күндері министрлік басшылығының атынан тараған әртүрлі мазмұндағы хабарламалар көбейгенін хабарлайды.
Алаяқтардың айла-амалдары мен манипуляциясына бой алдырмауға және хабарлама авторының байланыс деректерін, сондай-ақ басқа да ақпаратты тексеріп отыруларыңызды сұраймыз», – деп ескертеді ведомствоның баспасөз қызметі.