Fake News

Фейк: «Билл Гейтс барлығын вакцинациялауға мәжбүрлеу үшін тағамға мРНҚ қосатынын айтты»

Желіде Microsoft компаниясының негізін қалаушы, миллиардер Билл Гейтс көпшілік алдында азық-түлікке мРНҚ қосуға уәде бергені туралы жазылуда. Бұл егілуден бас тартқандарды COVID-19-ға қарсы вакцинациялау үшін қажет екен. Бұл өтірік.

Дәл осындай хабарлама Желінің ағылшын тіліндегі сегментінде 2023 жылдың қаңтар айының басында тарады. Дереккөз – ұдайы фейк жаңалықтар жариялайтын танымал NewsPunch порталы.
Порталдағы ақпаратқа сәйкес, Гейтс «уәдесін» өзінің Twitter парақшасында жариялаған.
Шындығында, оның аккаунтында мұндай жазбалар болған жоқ. 
Сонымен қатар Гейтстің баспасөз хатшысы AFP Factcheck порталының тілшісіне «бұл мәлімдеме жалған» деп айтқан. 
Демек, таралған ақпрат фейк, оған сенудің қажеті жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button