Фейк: «Ғалымдар жұмыртқаның әсерінен адамдарда тромбтар пайда болады деп ескертуде»
Әлеуметтік желілерде ғалымдар тауық жұмыртқаларынан адамдарда тромбтар қалыптасатыны туралы мақаланы жариялады деп жазылуда. Бұл рас па? Анықтайық.
Мұндай хабарламалар алғаш рет 2023 жылдың қаңтар айының соңында Желінің ағылшын тіліндегі сегментінде пайда болды. Оларды подкастер Джо Роган мен Доктор Шерри Тенпенни белсенді таратқан. Екеуі де вакцинацияға қарсы және covid диссиденттер, олар бірнеше рет ғылымға қарсы мәлімдемелер жасады.
Бұл жолы олар Daily Express порталындағы мақалаға сүйенген. Онда жұмыртқа құрамындағы кейбір заттар қанның ұюына әсер етуі мүмкін екендігі айтылған Кливленд клиникасының зерттеуіне сілтеме жасайды.
Бұл зерттеу 2017 жылы жүргізілген. Кливленд клиникасының сайтында еңбек қорытындылары түсінікті тілде ұсынылған баспасөз парақшасы бар. Онда былай делінген:
«Жұмыртқаның сары уызында, қызыл және өңделген ет құрамындағы қоректік зат, холин капсулалары тромбтардың пайда болу, жүрек ұстамасының және инсульттің болу қаупін арттыратын ішек бактерияларының жанама өнімін өндірудің артуымен байланысты болды».
Сондай-ақ баспасөз парақшасында «зерттеу жұмыртқаны тұтыну мен тромбтардың кенеттен пайда болуының арасындағы тікелей байланысты көрсеткен жоқ» делінген.
Демек, тауық жұмыртқасын жеу кенеттен тромбтардың пайда боулына әкелетінін дәлелдейтін ешқандай зерттеу жоқ. Мұндай тақырыптар манипуляция және алты жыл бұрын шыққан зерттеуде келтірілген деректерді бұрмалау болып табылады.