Алаяқтар Дариға Назарбаеваның атынан жалған парақша ашқан
Алаяқтар Facebook-те жалған аккаунт ашу үшін Дариға Назарбаеваның фотосуреті мен атын қолданған. Бұл парақша 2 қаңтарда тіркелген және фейк ақша ұтысын өткізу үшін пайдаланылуда.
Ұтыс туралы хабарламаға бірнеше сағаттың ішінде 900-ден астам пікір қалдырылған. Пайдаланушылар ешкім жеңіліс таппайтын лотерея ойнауға қатысып жатырмын деп ойлайды.
Бұл алаяқтық парақша болып табылады. Мұндай алаяқтық схемалар интернетте кеңінен таралған схемалардың бірі. Постта көрсетілген сілтеме фишингтік сайтқа апарады.
Пайдаланушыға нысанды толтыру, жеке мәліметтерді және сыйақы төлеу үшін банк картасының деректерін енгізу ұсынылады. Бірақ оны орнына шоттан ақша алынады.
Алаяқтар пайдаланушыларды алдау мақсатында жалған аккаунттарды бұрын да ашып келген. Бұған дейін Facebook-те Әлия мен Дариға Назарбаевалардың, сондай-ақ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жалған парақшалары тіркелген болатын.