Фейк: «Референдумға қатысу – бұл өзіңді плебей деп танып, дауыс беру құқығынан бас тартудың белгісі»
Қазнетте биыл 5 маусымда өтетін республикалық референдумға бойкот жариялауға шақыратын хабарлама тарады. Бұл референдумға қатысушылар өздерін плебей деп танып, дауыс беру құқығын басқа адамдарға беретінінің белгісі екен. Бұл жалған.
Алдағы референдумды «плебисцит» деп те атайтындықтан, бұл сөз пайдаланушыларда осындай пікірдің қалыптасуына түрткі болды. Яғни, атау оған тек дауыс беру құқығы жоқ плебейлер ғана қатыса алады.
Шын мәнінде, плебисцит сөзі «референдум» сөзінің синонимы болып табылады және мемлекет ішіндегі белгілі бір аумақтардың тағдырын анықтау және жергілікті сипаттағы басқа мәселелерді шешу үшін азаматтардан сұрау дегенді білдіреді.
Қазіргі заманда плебисцит пен референдум арасындағы айырмашылықтар әр елде әр түрлі. Мысалы, Францияда плебисцит референдумға қарағанда кеңірек ұғым болып саналады. Онда олар тек ерекше жағдайларда, басқару формасын өзгерту немесе, жаңа конституция қабылдау туралы мәселелерді шешу үшін жүгінеді. АҚШ-та плебисцит пен референдум арасында ешқандай заңды айырмашылық жоқ.
Жалпы, плебисцит те, референдум да тікелей демократияның нысандары болып табылады және көптеген дереккөздерде синоним ретінде көрсетілген.
Плебисциттер мен референдумдарға қатысу дауысыңызды басқа адамға немесе адамдар тобына беруді білдірмейді. ҚР Әділет министрлігі түсіндіріп өткендей, мұндай мәлімдемелер толығымен негізсіз және еліміздің заңнамасына қайшы келеді.
– «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңға (бұдан әрі-Конституциялық заң) сәйкес референдум азаматтардың референдумға өз ықтиярымен қатысуы және еркiн ашық бiлдiруi сияқты қағидаттар негізінде өткізіледі. Референдумға қатысу құқығы тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез-келген өзге жағдаяттарға қарамастан Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарына берiледi, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, министрлік өкілдері референдумға қатысу азаматтар өздерінің жеке пікірлерін білдіретіндіктен, дауыс беру құқығын басқа адамға берудің белгісі болып табылмайтынын мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, биыл 5 маусымда өтетін республикалық референдумда ҚР Конституциясына енгізілетін түзетулерді қабылдау мәселесі шешіледі. Қандай түзетулер талқылауға енгізілетіні туралы мына жерден оқуға болады.