Манипуляция

Манипуляция: «Израиль билігі Pfizer компаниясымен келісімшарттың жоғалғанын мәлімдеді»

Танымал Telegram арналарының қатысушылары Израиль билігі ел халқын COVID-19-ға қарсы егуге негіз болған Pfizer компаниясымен жасалған келісімшартты жоғалтып алды деп жазуда. Шын мәнінде не болғанын түсіндіріп өтейік.


Бұл жағдай туралы израильдік БАҚ егжей-тегжейлі жазды. Ол былай болды: 2022 жылы Израильдің құқық қорғау ұйымдарының бірі Денсаулық сақтау министрлігі мен Pfizer компаниясы арасындағы коронавирусқа қарсы вакциналар туралы эпидемиологиялық ақпарат алмасу туралы келісім жайлы ақпарат алу үшін аталған ведомствоға хабаралсқан.
Бұған Денсаулық сақтау министрлігі құжат жоғалып кетті деп жауап берген. Құқық қорғау ұйымы бұл жауапқа қанағаттанбай, сотқа жүгінген.
Тергеп-тексеру барысында келісім табылып, жарияланды. Қазір оның мәтіні Желіде қол жетімді.
Қорыта айтқанда, біріншіден, , вакцинаны жеткізу немесе оны Израиль аумағында қолдануға рұқсат беру туралы келісім туралы жайлы емес. Қазнетте таралған ақпаратты оқығанда солай ойлап қалуға болады. Бұл келісімде Израильдің Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer компаниясына COVID-19 ауруы, вакцинацияланған адамдар саны және азаматтардың жеке медициналық ақпаратынан өзге мәліметтерді беру туралы айтылған. 
Екіншіден, құжат жоғалған жоқ және қазір баршаға қол жетімді.
Демек, таралған ақпарат – манипуляция, оған сенудің қажеті жоқ.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button