Жаңалықтар

Желіде екінші тоқсанда балалардың мектепте оқитыны туралы қауесет тарады

StopFake.kz редакциясының порталына өтініш жолдаған оқырман әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты тексеруді сұраған. Ол оқу жылының екінші тоқсанында оқушылар қайта мектепте оқитыны рас па деп жазған.

Әзірге, дәстүрлі оқыту түріне оралу бойынша ресми мәлімдемелер жасалған жоқ. Бұл сұраққа Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой екінші тоқсанның басына қарай жауап беруге уәде берді. Бұл туралы ведомство басшысы 14 қыркүйекте мәлімдеген болатын.

– Екінші тоқсан бойынша – тағы екі апта өтеді, біз қанша науқас тіркелгенін, балалар арасында ауру жұқтыру жиілігі қандай екенін көреміз, комиссияның қарауына шығарамыз. Шешім күн сайын тіркелетін науқастардың санына байланысты болады, – деп келтіреді министрдің сөзін SputnikҚазақстан.

Қазіргі кезде COVID-19 жұқтырған 46 бала тіркелді. Олардың бәрі оқшаулануда, байланыста болған адамдар анықталды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Stopfake.kz «Қазақстанда мектептердің ашылатыны туралы» айтылған құжат туралы жазған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button