Fake News
Атырау облысының жедел штабы қаланың 80% су басатыны туралы ақпаратты фейк деп атады
Қазақстандықтар су тасқыны салдарынан Атырау қаласының 80% су басатыны туралы аудиожазбаны таратуда. Бұл жағдай 20 сәуірде орын алады, дүрбелең тудырмас үшін бұл туралы халыққа айтпай отыр екен.
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының өкілдері тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
«Атырау қаласының Полиция басқармасы тасқын су туралы жалған ақпарат таратқан адамды жауапкершілікке тартты. Оған ҚР ӘҚБК-нің 456-2 бабына сәйкес айыппұл салынды.
Еске сала кетейік, БАҚ-ы мен әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік, соның ішінде, қылмыстық жауапкершілік қаралған.
Тұрғындарды тек Атырау облысының жедел штабы таратқан ресми ақпаратқа сенуге шақырады», – делінген хабарламада.