Fake News

«Қазақмыс» компанияны ресейліктерге сату туралы қауесетке қатысты пікір білдірді

Қазнетте «Қазақмыстың» бір бөлігі Ресейге сатылуы мүмкін деген ақпарат тарады. Компанияның баспасөз қызметі осы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

«Қазақмыс» компаниясының ресми сайтында жарияланған хабарламада сату туралы ақпарат шындыққа жанаспайтыны айтылған.
«Жекелеген БАҚ пен әлеуметтік желілерде «Қазақмыс» компаниясының іскерлік беделіне нұқсан келтіретін арандатушылық материалдар пайда бола бастады. Бұл теріс ақпараттық шығарындылардың ешқандай негізі жоқ және тек Компания басшылығының беделін түсіруге және қазақстандық қоғамды тұрақсыздандыруға бағытталған. «Қазақмыс» компаниялар тобы әрқашан қазақстандық холдинг болған және болып қала береді. Біздің басым міндеттеріміздің бірі – қазақстандық экономиканың дамуына және халықаралық нарықта жоғары бағаланатын сапалы отандық өнімді құруға үлес қосу», – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button