Алаяқтық

Фейк: «ҚР азаматтарына 193 мыңнан төленеді»

WhatsApp-та қазақстандықтар еліміздің әрбір азаматына «193 817 лв» мөлшерінде төлем жасалатыны туралы хабарлама таратуда. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс сайлаудан кейін мәлімдеген екен. Бұл фейк.

Хабарламаны оқығанда көзге түсетін бірінші нәрсе – адамдарға қаражат төленетін валюта – лв. Бұл болгар ұлттық валютасының белгісі – лев. Қазақстанда бұл валюта пайдаланылмайды және ешқандай мемлекеттік төлемдер жүргізілмейді.
Сонымен қатар төлемді алу үшін қандай да бір ресми ресурсқа емес, Fi-fa Qatar мекен жайы бойынша сайтқа өту ұсынылатынына назар аударған жөн. Іс жүзінде ҚР азаматтары атаулы әлеуметтік көмек алуға өтінімдерді тек eGov.kz порталында ғана бере алады. 
Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке қайта сайланған жағдайда, жаппай ақшалай төлемдер жасалатыны туралы сөзі де шындыққа жанаспайды. Оның сайлауалды науқанында бұл туралы ештеңе айтылған жоқ. 
Хабарламада аталған қазақстандықтарға төленетін төлемдер туралы БАҚ-та да, мемлекеттік органдардың ресми сайттарында да ақпарат жоқ. Демек, таралған хабарлама өтірік.
Мұндай платформаларды кибер алаяқтар жасайды. Осылайша, олар пайдаланушылардың жеке деректерін иемденіп, оларды өз мақсаттарында пайдаланады. Мұндай сайттарды қалай тануға болады және олардың құрбаны болмаудың жолдары туралы мына жерден оқыңыздар: 

Фишингтік сайттарды қалай тануға болады және олар неге қауіпті

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button