Алаяқтық

Алаяқтар Ұлттық қордың атынан жарнама жариялады

Әлеуметтік желілерде өтемақы төлеу туралы ақпарат тағы да тарады. Енді алаяқтар Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атынан әрекет етуде. Бұл жарияланым – фейк, оған сенудің қажеті жоқ.

Жарнамадағы сілтеме ҚР Ұлттық қорының жалған сайтына апарады. Онда 2020-2029 жылдарға арналған азаматтарға өтемақы төлеу жобасы туралы жаңалық жарияланған. Олар салық аударымдарына, жұмыс өтіліне, өткен жылдағы сатып алу қабілетіне және шығындарға негізделген. Өтемақы мөлшерін тексеру үшін пайдаланушы өзінің ЖСН-ін теруге тиіс.

Жалған сайттарда жеке ақпаратты қалдырмаған жөн. Алаяқтар оны өз пайдасына пайдаланады.

ҚР Ұлттық қорының ресми сайты жоқ. Төлемдер бойынша барлық ақпарат ҚР Үкіметі мен ҚР Ұлттық банкінің порталдарында жарияланады. Ресми ақпарат көздерінде 2020-2029 жылдарға арналған азаматтарға өтемақы төлеу жобасы туралы хабарланған жоқ.

Соңғы кездері мемлекеттік органдардың атынан мұндай хабарландырулар танымал әлеуметтік желілерде жиі жариялануда. Біз олардың жалған екенін ескерткен болатынбыз.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар

Басқа жаңалықтар

Back to top button