Fake News

Қазнетте зейнеткерлік жасын төмендету туралы ескі фейк таралуда

What’App мессенджерінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлыққа қол қойғаны туралы ақпарат тарады. Оған сәйкес, әйелдер 58 жасында зейнетке шығады, сондай-ақ еліміздің барлық зейнеткерлері 13-ші зейнетақы төлемін алады екен. Бұл жалған.

 

Дәл осындай ақпарат Казнетте биыл маусымда тараған болатын.  Оны ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі теріске шығарып, зейнеткерлік жасын төмендету мәселесі қаралып жатпағанын хабарлаған еді.
Қазір де ондай жоспар жоқ. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында жазылған. Сондай-ақ ведомствоның хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешіміне сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әйелдер үшін зейнеткерлік жасты кезең-кезеңімен арттыру 5 жыл мерзімге 61 жас деңгейінде тоқтатылады.
Министрлік сайтында хабарламада айтылған 13-ші зейнетақы төлемін енгізу туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтыны жазылған.
Баршаңызды күмәнді хабарламаларды таратпауға және тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button