Алаяқтар Бекболат Тілеуханның фейк аккаунтын ашқан
Әлеуметтік желілерде алаяқтар мәдениет қайраткері, Парламент депутаты Бекболат Тілеуханның фейк аккаунтын ашып, адамдарды аладуда. Олар оның атынан материалдық көмек төлеуді ұсынады, ол үшін банк картасының нөмірін жазу керек.
Бекболат Тілеухан өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында бұл әрекеттерге ешқандай қатысы жоқ екенін хабарлады.
Депутаттың әлеуметтік желідегі фейк парақшасында парақшаға жазылып, лайк қойып, карта нөмірін көрсеткен әрбір адамға 24500 теңге берілетіні туралы айтылған. Алаяқтардың сөзінше, «ақша 23.00-ге дейін түседі».
Жалған аккаунтқа жазылушылар саны 7000-нан асты.
Танымал адамдардың атынан жалған парақшаларды жеке деректерді жинау үшін ашады. Бұл схема арқылы қандай да болмасын сыйлық, материалдық көмек немесе басқа да ақшалай сыйақы алу мүмкін емес. Бірақ шоттағы ақшадан айырылып қалуға болады.
Зиянкестердің мақсаты – жазылушылар базасын жинау, фишингтік сайт арқылы паспорттық және төлем карталарының деректерін, жеке аккануттардың, оның ішінде интернет-банкингтің парольдерін білу.
Бұл қылмыскерлер фишингтік сайттар арқылы танымал тұлғалардың есімдерін немесе брендтердің атауларын пайдаланып, әрекет етіп отырған алғашқы жағдай емес.
Бұған дейін Stopfake.kz фишингтік ресурстар неге қауіпті және оларды қалай тануға болатыны туралы жазған болатын.