Пациенттің қайтыс болғаны үшін жылап отырған ерікті туралы бейне Қазақстанда түсірілмеген
Қазақстандық пабликтерде ауруханаға қабылдамаған пациенттің қайтыс болуына байланысты жылап отырған ерікті туралы жазба таратылуда. Бұл бейне Бішкек ауруханаларының бірінде Қырғызстанның «Ынталы жастар орталығымен» түсірілген. Қазақстанға бұл жазбаның қатысы жоқ.
18 шілде күні open_uralsk Instagram-паблигінде ерікті қыз ер адамды құтқаруға үлгермегендіктен жылап жатқан бейнежазба пайда болды. Материалда шығу мәліметтері көрсетілмеген, тек Үкіметті сынап отырған қыздың сөздері ғана келтірілген.
Әлеуметтік желіні пайдаланушылардың көпшілігі бұл бейне қазақстандық ауруханада түсірілді деп ойлап, наразылықтарын білдірді.
Шын мәнінде, бұл жазба 16 шілдеде «Қырғызстанның «Ынталы жастар орталығының» Instagram парақшасында жарияланған. Қазіргі уақытта пост жойылды, бірақ бұл туралы мақалаларды қырғыз баспасөзінен табуға болады.
Науқас қайтыс болғаннан кейін жылап отырған қыздың есімі София-Айдана Мұрзаева. Ол жастар орталығының үйлестірушісі болып жұмыс істейді және басқа еріктілермен бірге карантин кезінде оттегі баллондарын тасымалдаумен айналысады.
София-Айдана Мұрзаева туралы мақаланы мына жерден оқуға болады.