Fake News

ҚР Ұлттық банкі жалған бес мыңдық купюраларға қатысты түсініктеме берді

Қазақстандықтарға WhatsApp-та жалған бес мыңдық купюралар туралы ескертумен аудио хабарламалар келіп түсуде. Ақпаратқа тіркелген банкнотаның суретінде: «Празднуем вместе!» деп жазылған. Автордың айтуынша, жалған ақша Павлодарда таралуда, ол екі экспедитордың қолына түскен.

Қазақстанның Ұлттық банкінің баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

«Қазақстанның Ұлттық банкі әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы ұлттық валюта түпнұсқа банкноталарының сыртқы белгілеріне ұқсайтын және «ПРАЗДНУЕМ ВМЕСТЕ!», «НЕ ЯВЛЯЕТСЯ ПЛАТЕЖНЫМ СРЕДСТВОМ» деген бөгде жазбалары бар баспа өнімдерін сатып алуды ұсынатын жарнамалардың таралу фактілері анықталғанын ескертеді. Аталған өнімдер жалған болып саналады.

Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 231-бабына сәйкес жалған ақша немесе бағалы қағаздарды жасау, сақтау, тасымалдау немесе өткізу қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады.

Аталған жағдайлар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі олардың таралу фактісін тексеру үшін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне өтініш жолдады.

Осыған байланысты, банкноталарды қолдану кезінде жазуларға ерекше назар аударып, олардың түпнұсқалығын мұқият тексеру ұсынылады», – деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкі.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button