Fake News

Фейк: «Егілген адамдарда ДНҚ-ның үш еселік спиралы пайда болады»

Қазнетте ерекше теория кеңінен тарады. Пайдаланушылардың пайымдауынша, егілген адамдарда ДНҚ спиралы екі еселіден үш еселіге айналады. Нәтижесінде, олардың бойы төмен болып, адам болуды тоқтатады. Бұл шындыққа жанаспайды.

ДНҚ молекуласы көбінесе қос спираль түрінде болады. Алайда, ғылымда белгілі бір қысқа ДНҚ молекулалары үш, тіпті төрт еселі спираль түрінде болатын жағдайлар болған. ДНҚ-ның үш еселі спиралы 1980 жылдары, яғни COVID-19 қарсы вакциналар шыққанға дейін 40 жыл бұрын анықталған. Адам жасушаларындағы ДНҚ-ның төрт спиралы 2013 жылдың қаңтарында, пандемияға дейін жеті жыл бұрын табылған. COVID-19 қарсы вакциналардың бұл жаңалықтарға әсер етпегені анық, өйткені олар оған дейін ашылған.
Вакциналар ДНҚ-ның қос спиралын үш еселікке айналдыра алады деген теория Желінің ағылшын тілді сегментінде пайда болған. Мұндай ақпараттар 2014 жылы берілген Moderna компаниясының патентіне негізделді. Құжатта адамның ДНҚ-ның өзгеруі туралы сөз болмаған. Онда үш еселік спиральдағы РНҚ туралы айтылды.
Вакциналар ДНҚ молекуласына тағы бір орам қосады деген теорияны AP News порталының фаткчекерлері де жоққа шығарды.
Вакцинацияланған адамдар мен олардың ұрпақтарының бойы 130 см-ден аспайды деген болжам негізсіз. Бұған дәлел жоқ.
Демек, хабарлама – фейк, ал онда келтірілген тезистер ғылымға қарсы.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button