Fake News

Фейк: «Түрлі түсті бұлттар – химтрейлдің ізі»

Telegram арналарының бірінде Қытайдың Хайкоу қаласындағы түрлі түсті бұлттардың видеосы жарияланды. Олардың жанынан бұл ерекше құбылысты тудырған химтрейлдің ізі көрінеді екен. Бұл шындыққа жанаспайды.

Біріншіден, куәгер түсірген видеодағы түрлі түсті бұлт Хайкоуда емес, Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясындағы Пунин қаласында болған. Бұл туралы бірнеше онлайн басылымда жазылған.
Екіншіден, бұл ерекше құбылыс пилеус деп аталады. Оны шарф немесе бас киім түріндегі бұлт деп те атайды. Пилеус, күшті жоғары ағын ылғалды ауаға үстінен әсер етіп, шық нүктесіне дейін салқындауға әкелгенде түйдек немесе жаңбыр бұлттарының үстінен пайда болады.
Мұндай бұлттар бірінің үстінен бірі қалыптасуы мүмкін. Пилеус кәдімгі бұлт сияқты ақ немесе сұр түсті болады. Бірақ кейде су буындағы немесе мұз кристалдарындағы күн сәулесінің сынуына байланысты бұлттар жарқын түрлі түсті болуы мүмкін.
Қастандық теорияларында «химтрейлдер» деп аталатын ұшақтардың инверсиялық ізі кейде бұлттардың кейбір түрлеріне ұқсайтыны рас. Бұл олардың қалыптасуының бірдей боулына байланысты. Ұшақ ізі де конденсацияланған ылғалдан, яғни мұз кристалдарынан немесе пайдаланылған газдардағы су тамшыларынан тұрады.
Бұл конденсациялық із жасанды бұлт деп аталады. Алайда оның пішіні ұшақтың траекториясына байланысты, ал бұлттардың түрі ауа ағындарына байланысты.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, химтрейлдер – бұл дәлелдері жоқ қастандық теориясы деп қорытынды жасауға болады. Түрлі түсті пилеус бұлттары сияқты ерекше құбылыстар табиғатта бар және ауа райының әсерінен пайда болады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button