Фейк: «Halyk Bank әрбір қазақстандыққа 500 000 теңге және одан артық төлеуге міндеттелді»
Instagram-да Halyk Bank әрбір қазақстандыққа 500 000 теңге және одан артық көлемде ақша төлеуге міндеттелгені туралы ақпарат тарады. Төлемді алу үшін сілтеме бойынша өтіп, онлайн-платформада тіркелу қажет. Мұның бәрі – фейк.
Бұл – алаяқтардың ісі. ҚР Қаржы министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
– Постта Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Е.Жамаубаевтың суреті берілген. Бұл ақпараттың Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне, сондай-ақ Премьер-Министрдің орынбасары-Қаржы министрі Е.Жамаубаевқа қатысы жоқ. Оны алаяқтар таратқан, бұл ақпарат – фейк. Мұндай сілтемелер бойынша өтпеуіңізді сұраймыз, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Баршаңызды түрлі төлемдер төленетіні туралы күмәнді хабарламаларға сенбеуге шақырамыз. Әдетте бұл желі қолданушыларының жеке мәліметтері мен қаражатын иемденуді мақсат еткен алаяқтардың ісі болады.