Масаларды жаппай егу үшін «тірі шприцтер» ретінде пайдалану мүмкін емес
Telegram арналарында масалардың COVID-19-ға қарсы жаппай егу үшін «тірі шприцтер» ретінде қолданылуы мүмкін деген теория талқылануда. АҚШ-тағы генетикалық модификацияланған қансорғыш жәндіктер туралы жаңалық пайдаланушыларда осындай ой тудырды.
Шын мәнінде, генетикалық модификацияланған масалардың вакцинацияға ешқандай қатысы жоқ. Ғалымдар қауіпті жәндіктердің геномын денге безгегін, чикунгунья вирусын, сары безгекті, Зика вирусын және масалар тасымалдайтын басқа да ауруларды азайту үшін «түзетпек» болған.
Ғалымдар аталық масаларға жұптасқан кезде аналық масаларға берілетін арнайы ақуыз енгізген. Осының арқасында аналық масалар жыныстық жетілуге дейін жетпейді. Айта кетейік, тек жұмыртқа салу үшін қан қажет болатын аналық масалар ғана адамдарды шағады. Ал олар репродуктивті кезеңге дейін тұра алмайтындықтан олар адамдарды шақпайтын болады. Ғалымдардың пікірінше, генетикалық модификация аса қауіпті ауруларды жұқтыру санын азайтып, масалардың популяциясын төмендетеді.
Сондай-ақ, масалар адамды шаққан кезде, ол адамның қанына маса бұған дейін шаққан адамның қаны емес, масаның сілекей бөлшектері енетінін айта кеткеніміз жөн. Маса шағып алудың салдарынан кез келген ауруды жұқтыру жәндік науқас адамның қанын ішкеннен кейін болады. Сондай-ақ, аурудың қоздырғышы болып табылатын микроорганизмдер масаның сілекейіне ену үшін аз болған жағдайда. Сонымен қатар, вирустар мен бактериялардың бәрі бірдей жәндіктердің ағзасында бола алмайды. Сондықтан масалар, мысалы, адамдарға безгек жұқтыра алса, АИТВ жұқтыруы мүмкін емес.
Демек, масаларға вакцина «толтырып», онымен жәндіктердің сілекейін алмастыру мүмкін емес. Оның үстіне, масаның адамға қатаң өлшенген дозаны енгізетініне, содан кейін қажетті уақыттан кейін қайта оралып, екіншісін «енгізеді» дегенге кепілдік жоқ. Ал COVID-19 қарсы вакцинация ережелерінің талабы осындай.
Қорыта айтқанда, «вакцина жасаушы масалар» туралы теория ерекше болып көрінгенімен, оны жүзеге асыру екіталай.