Видео
Далада ұлғайту линзасының көмегімен от шығарғандардың видеосы Қазақстанда емес, басқа елде түсірілген
Қазақстандық Telegram-арналарда далада қалдырылған лупа шуақты күндері өрт шығарғаны туралы видео тарады. Видео авторларының пайымдауынша, бұл диверсияның белгісі болуы мүмкін. Яғни, Қазақстанда дала өрттері қасақана қойылып жатыр. Бұл шындыққа жанаспайды.
Шын мәнінде, бұл видео осы жылдың шілде айында Ресейде Ростов облысында түсірілген.
Ростов облысы бойынша ТЖМ хабарлауынша, линзалар далада 12-нен 13 шілдеге қараған түні қалдырылған болар, өйткені бұған дейін болмаған.
Демек, таратылған видео Қазақстанда түсірілмеген емес және елімізде дала өрттерінің қасақана қойылғанын дәлелдей алмайды.