Fake News

Фейк: «Вакциналардан металдар мен белгісіз заттар табылды»

Telegram мессенджерінде Германияда COVID-19 қарсы вакциналарды зерттеу жөніндегі жұмыс тобы бірнеше өндірушінің дәрі-дәрмегін зерттеп, белгісіз металл бөлшектер мен компоненттер тапқаны туралы ақпарат таралуда. Сондай-ақ олар вакцинацияланған адамдардың қаны өзгергенін анықтаған. Мұның бәрі дәлелсіз.

Вакциналарда белгісіз компоненттер мен улы металдар бар екендігіне «дәлелдер» келтірілген жұмыс Желіде ұсынылған. Ол ғылыми журналдарда немесе беделді медициналық порталдарда емес, фейк ақпарат тарататын ресурстарға жиі сүйенетін сайтта жарияланған.

Оған сәйкес, зерттеуді Германияда COVID-19 қарсы вакциналарды зерттеу жөніндегі жұмыс тобы жүргізген. Желіде осындай атаумен үкіметтік немесе жеке меншік ұйым туралы ешқандай мәлімет жоқ.

Сондай-ақ оның авторларының аты-жөні де аталмайды. Тек жауапты редактор – доктор Клаус Ретцлаффтың ғана аты көрсетілген. Германияда мұндай есімді ғалым бар, бірақ ол физик және гравитация мен кванттық механиканы зерттеумен айналысады. Оның медицинаға, вирусологияға немесе вакциналарды зерттеуге ешқандай қатысы жоқ.

Зерттеудің өзіне келетін болсақ, біріншіден, жоғарыда айтылғандай, ол щынайы ақпарат жарияламайтын ресурста орналастырылған, демек, рецензияланбаған. Екіншіден, фотосуретте бөгде заттар емес, микроскоппен қараған вакциналар екендігіне ешқандай дәлел жоқ. Сонымен қатар фотосуреттерде шынымен вакциналар болса да, мәтінде суреттердің қайда және қалай түсірілгені, дәрі-дәрмектің қандай жағдайда сақталғаны және оларды қалай зерттегені туралы мәліметтер жоқ.

Мұндай негізсіз «зерттеулер» Германияда бұған дейін де болған және тәжірибелерді жүргізудің жалпы қабылданған талаптары мен ережелеріне сәйкес келмегендіктен  ғылыми қоғамдастық тарапынан қатты сынға алынды.

Зерттеуде келтірілген тезистерге келетін болсақ, оларды жоққа шығару оңай.

COVID-19-ға қарсы егілген адамдардың қаны бірнеше рет зерттелді. Таратылған еңбекке қарағанда, бұл зерттеулердің нәтижелерірецензияланған және ғылыми журналдарда жарияланған. Олардың ешқайсысы қанда белгісіз металдар немесе бөгде заттардың болуын дәлелдемейді.

Ғалымдар COVID-19 қарсы  вакциналарды клиникалық зерттеу кезеңінде өндірілген антиденелердің деңгейін анықтау үшін вакцинацияланған еріктілердің қанын талдаған. Оның барысында белгісіз заттардың табылғаны туралы хабарланған жоқ.

Вакциналарда жасырын улы компоненттер бар деген идеялар да шындыққа жанаспайды. Вакциналардың құрамы жалпыға қол жетімді және құпия емес.

Таралған «ғылыми» жұмыста көрсетілгендей, вакциналар құрамында әртүрлі металдардың осындай көп мөлшерде болуы ойға қонымсыз. Өйткені, COVID-19 қарсы  вакциналардың дозалары өте аз. Мысалы, ересек адамға арналған Pfizer вакцинасының бір дозасы небары 0,3 мл құрайды. Оның құрамында аталған металдар мен басқа да улы заттар бар болса, онда вакцина мөлдір сұйықтық болып көрінбейтін еді.

Жоғарыда айтылғандарды нәтижесінде, мынадай қорытынды жасауға болады. Вакциналардың құрамы туралы «шындықты» ашатын таратылған еңбек сенімсіз дереккөзде жарияланған және оның авторлары белгісіз. Онда келтірілген тезистер дәлелденбеген, ал зерттеу әдістері мен материалдары анық емес. Еңбекте сипатталған кейбір құбылыстарды әртүрлі ғалымдар бір-біріне тәуелсіз жүргізген ғылыми зерттеулер жоққа шығарады.

Демек, таралған ақпарат – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button