Fake News
Маңғыстау полициясы «Орсктағы маньяк» туралы қауесетке қатысты пікір білдірді
Маңғыстау полициясы «Орсктағы маньяк» туралы қауесетке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Polisia.kz.
2 қыркүйекте республикалық БАҚ-тардың бірінде «Ресейдегі ең қауіпті маньяктардың бірі Қазақстанда жасырынып жүруі мүмкін» деген мақала жарияланды.
Маңғыстау облысының Полиция департаменті барлық мекемелердің тексерілгенін және бұл мәлімдеменің расталмағанын хабарлады. Департамент басшылығы бұл ақпаратты бақылауға алды.
– Облыс тұрғындары мен қонақтарынан үрейге бой алдырмауды және тек ресми ақпаратқа сенуді сұраймыз, – деді полиция қызметкерлері.