Fake News

Фейк: «Құпия жобаның сынақтары басталды»

Қазнетте NASA-ның Blue Beam атты аса құпия жобасының бар екендігі туралы конспирологиялық теорияның тағы бір «дәлелі» тарады. Бұл жолы пайдаланушылар лазерлердің жұмысы деп ойлаған ерекше метеорологиялық құбылыстың видеосымен бөлісуде.

Таралған кадрларда аспанда бұлттар арасында көрінген ерекше мөлдір қызғылт нысан бейнеленген. Суреттерді кері іздеуге арналған құралдарды қолдана отырып, кадрлардың 2019 жылдың 31 қазанында Тунапуна және Тринидад қалаларында жасалғаны анықталды.

Ерекше құбылыс елді мекен тұрғындарын алаңдатуда. Кейбіреулер қызғылт заттың пайда болуына қатысты өз теорияларын алға тартуда: біреулер оны «аспандағы жанартау», басқалары – бұл өзгеғаламшарлықтардың келуінің белгісі деп ойлайды.

Дегенмен, мұндай ерекше құбылысты да түсіндіруге болады: DailyStar порталының ақпараты бойынша, бұл бұлттардың иризациясы туралы теория.

Бұл өте сирек кездесетін құбылыс, онда Күнге жақын орналасқан өте жұқа бұлттар спектрлік түске боялады. Көбінесе мұндай бұлттар түрлі-түсті болады, бірақ кейде олар қызғылт түстің әртүрлі реңктеріне боялады. 2019 жылдың желтоқсанында Сібірде ерекше табиғи құбылыс түсірілді. 2021 жылдың наурызында Челябі тұрғындары бұлттар иризациясын байқады.

Blue Beam жобасы – бұл NASA-ның нақты жоспарлары емес, қастандық теориясы. Жобаның мәні – әлемде проекторлар орнатылып, бір сәтте іске қосылып, аспанда Құтқарушының проекциясы жасалады, бұл адамдар арасында дүрбелең тудырып, оларды еркіне қарсы құлдыққа алады. Мұндай жағдай әлемнің бір бөлігінде болып жатқанына дәлел жоқ. Пойнтер институтының мамандары жобаның бар екендігі туралы теорияны жоққа шығарды. 

Демек, таратылған ақпарат – фейк. Видеода аса құпия видеопроекторлардың жұмысының нәтижесі емес, ерекше табиғи құбылыс көрсетілген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button